Мәңгі ертегі

Мәңгі ертегі
almaty-akshamy.kz

    Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концерт залында «Махаббат – мәңгі ертегі» атты мерекелік концерті өтті.

    Ғашықтар күніне ұйымдастырылған мерекелік концертке қазақ эстрадасының жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Азамат Бақбергенов, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Тахауи Рахметов, Жадыра Аманова, Анастасия Скепко және т.б әншілер өнер көрсетті.

    Сондай-ақ концерттік бағдарламада оркестр репертуарындағы махаббат тақырыбындағы «Ромео-Джульетта» кинофильмінен «Махаббат әуені», Төлеген Мұхамеджановтың «Махаббат бекеті» кинофильмінен саундтрек, «Махаббат мәңгі ертегі», «Таптым-ау сені» шығармалары орындалды.

    Концерт соңында Ұлттық оркестрмен үлкен сахнада алғаш рет өнер көрсеткен, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, махаббат тақырыбында әуелетіп ән шырқап жүрген Қазыбек Құрайыш ғашық жандарға арнап тілек-ниетін білдірді.

     «Жер жүзіндегі әр адам бақытты болуға лайықты. Өмірде өз жартыңызды табуға, риясыз махабат сезімін кешулеріңізді тілеймін. Адамдардың арасында да мейірімділік, махаббат сезімі сөнбегенін қалаймын», – деді Қазыбек Құрайыш.