Мәнерлеп сырғанаушы Димаш Құдайбергеннің әніне өнер көрсетті

Мәнерлеп сырғанаушы Димаш Құдайбергеннің әніне өнер көрсетті
Сурет: Inform.kz

Мұз үстіндегі ерекше өнер: мәнерлеп сырғанау мен әннің әсемдігі үйлесім тапты

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Евгения Медведева қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Your love» әнімен ерекше өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

3 сәуірде Санкт-Петербургтегі «Юбилейный» спорт сарайында Илья Авербухтың «Мұз дәуірі. Чемпиондар» атты мұз шоуы өтті. Онда ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Евгения Медведева әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің композициясымен өнер көрсетті. Евгенияның нөмірі ерекше әдемі болды. Оның нәзік қимылдары музыкамен шебер үндескен. Ақ мұзға алқызыл көйлекпен шыққан мәнерлеп сырғанаушы Димаш әніндегі жаралы жүрекке ұқсады.

Айта кетейік, Димаш алғаш рет композитор Игорь Крутойдың Лара Фабианның өлеңдеріне жазған туындысын 2020 жылы 8 наурызда Мәскеуде дизайнер Валентин Юдашкиннің мерейтойлық кешінде орындаған болатын.