Мәдина Нұршаева бокстан Азия чемпионатында «қоланы» қанағат тұтты

Мәдина Нұршаева бокстан Азия чемпионатында «қоланы» қанағат тұтты
Сурет: Inform.kz

Осы біріншіліктегі бастапқы кездесуі  

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Мәдина Нұршаева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Азия чемпионы М.Нұршаева 66 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Чой Хон Гюнмен шеберлік байқасты.
Бұл Мәдинаның осы біріншіліктегі бастапқы кездесуі еді.
Төрешілердің есебінше, бірінші раунда оңтүстіккореялықтың сәл басымдылығы байқалды. Екіншісінде қазақстандық есе қайырды. Үшінші кезең де тартысты өтті. Қорытындысында қазылар жеңісті кореялық боксшыға берді.
Күндізгі сессияда тағы бір қазақстандық Ләззат Күнгейбаева финалға шығу үшін үндістандық Альфия Тараннум Акраммен таласады.
Қазақстандық қыздардың қалған бес бәсекесі кешкі сессияда өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында бүгін тоғыз қазақстандық боксшының финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Жайна Шекербекова Азия чемпионатының финалына шықты.