Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі

Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі
Сурет: Adyrna.kz

2025 жылға дейін мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 100%-ке көтеріледі.

Бұл туралы Жамбыл облысына іссапармен барған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Сонымен қатар «Халық әртісі» атағы кері қайтарылады. Министр халықпен кездесуде атақты «Гүлдер» ансамблі қайта жасақталатынын атап өтті. Шығармашылыққа жақын дарынды жастарды ансамбль құрамына алу үшін арнайы топ аймақтарды аралауға шығады. Архив саласында да бірқатар жаңалық бар. Ел көлеміндегі 12 мыңға тарта архив қызметкерлеріне қосымша жалақы тағайындалады. Қазір елдегі мұрағаттар 100%-ке толып тұр. Сол себепті қосымша 20 архив нысанын салу қолға алынады. 

«Жамбыл облысына келер болсақ, өзіміздің мәдениет саласына қарайтын болсақ, биылдың өзінде облыс көлемінде 14 мәдениет обьектісі салынатын болады. Соның 9-ын жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Бесеуі жоспарға сәйкес келесі жылдың басында құрылысы аяқталатын болады. Бұл 14 мәдени обьектісінің шынын айтқанда республикадан 1,1 млрд теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен 300 млн теңге бөлінген болатын. Олардың 100%-і аудандарда, өңірлерде, ауылдарда салынатын болады», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.