Мадияр ӘРКІМБАЙҰЛЫ, полиция бөлiмi жедел кезекшiнiң көмекшiсi: Біз халықтың алдында жауаптымыз

Мадияр ӘРКІМБАЙҰЛЫ, полиция бөлiмi жедел кезекшiнiң көмекшiсi: Біз халықтың алдында жауаптымыз
almaty-akshamy.kz

Біздің жұмысымыз қоғамдық тәртіпті қадағалап, тұрғындармен күнделікті байланыс орнату болғандықтан, «Спутник-V» вакцинасының екі бірдей дозасын алып үлгердім.

Еш жерім ауырмады, керісінше, өзімді жақсы сезініп, екпе алысымен-ақ жұмысқа шығып кеттім. Үйде кішкентай ханшайымымыз, қарт анамыз бар, сол себептен жұбайым екеуміз екпені қатар алдық. Тіпті, жұмыс орнымыздағы адамдардың 80%-ға жуығы вирустан қорғайтын екпенің екі дозасын алды. 

Өйткені біз тек өзіміздің ғана емес, қарапайым халықтың, жақындарымыздың денсаулығына жауаптымыз.

Менің ойымша, әрқайсымыз денсаулығымызды қорғап, бәріне жауапкершілікпен қарап, індетті бірауыздан ауыздықтайтын болсақ, беймарал өмірімізге ертерек оралып, алыстағы жекжаттармен бұрынғыдай арқа-жарқа болып қауышар едік.