Мақсат – жас ұрпақ жүрегiнде отаншылдық сезiм ұялату

Айнабай Мәди

 

ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауы – Тәуелсiз Қазақстанның таяу онжылдықтардағы мiндеттерi мен бағыттарын анықтап берген бағдарламасы мол Стратегия. Жолдауда ккрсетiлгендей, 2050 жылы елiмiз әлемдегi ең жоғары дамыған отыз мемлекеттiң құрамына кiруге тиiс. Нұрсұлтан Әбiшұлы: «ХХI ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры, бейбiтшiлiк, тұрақтылық пен гүлденудiң ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесi атануға лайық. Бiз көздеген мақсатқа мiндеттi түрде жетемiз», – деп, мемлекетiмiздiң кемел келешегiне нық сенiмiн бiлдiрдi.

Елбасы Жолдауын талқылау мен насихаттау шараларын жүзеге асыру бойынша Алматы қалалық Орталықтандырылған кiтапханалар желiсiнiң №4 кiтапхана бөлiмшесiнде республикалық және аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерiнiң қатысуымен бiрқатар мәдени iс-шара өткiзiлдi. Идеологиялық және мәдениет қызметкерлерiнiң бүгiнгi мiндетi – Жолдаудың негiзгi басымдықтарын түсiндiру арқылы барша қазақстандықты Мемлекет басшысы қойған биiк мақсаттарға қол жеткiзуге жұмылдыру.

Кiтапхананың оқу залында «Нұр Отан» ХДП Алмалы аудандық филиалымен бiрлесiп, «Нұр Отан» – халықтық партия» атты патриоттық-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Жиын Елбасы Жолдауының негiзгi басымдықтарын талдауға әрi партияның құрылғанына 14 жыл толуына арналды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға, туған халқына деген сүйiспеншiлiк, мақтаныш сезiмiн ұялату, қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру. Кездесуге ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Камал Бурханов, Алмалы аудандық Ардагерлер кеңесiнiң мүшелерi Мұсағали Меңдiғалиев, Әжмұрат Жармұханов, «Нұр Отан» ХДП Алмалы аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Александр Братенков, аудандық кеңес мүшелерi – Светлана Акишева, Алтынай Көбеева және «Жас Отан» жастар қанатының (ЖҚ) мүшелерi, жоғары оқу орындарының студенттерi, кiтапхана оқырмандары шақырылды.

«Жас Отан» ЖҚ жауапты хатшысы Үкiбай Нұрпейiсов: «Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы болашаққа, жас ұрпаққа арналған. Сондықтан да бiз, жастар, оны жүзеге асырудың бел ортасында жүруiмiз керек», – деп, жастарды Елбасының саясатын жүзеге асыру жолында өз үлесiн қосуға шақырды.

Аға ұрпақ өкiлдерi ауданның бiр топ белсендi жастарына салтанатты түрде «Нұр Отан» партиясының куәлiгiн тапсырып, жастарды Отанды сүюге, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге шақырды. Ардагерлер жастардың бiлiмдi де бiлiктi маман ретiнде саналы қызмет етулерiне мүмкiндiктiң молдығын айтып, халық ырысын арттыруға ынталандырды. «Нұр Отан» ХДП Алмалы аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары А.Братенков ардагерлер мен партияның белсендi мүшелерiне тарту-таралғы жасап, гүл шоғырын ұсынды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *