МӘСКЕУ МЕТРОСЫНДА «АЛМАТЫ» БЕКЕТI АШЫЛДЫ

Роза ӘРЕН

Кеше Мәскеу метросында «Алматы» деп аталатын жаңа бекет ашылды. Бұл – Мәскеу метрополитенiндегi 187-бекет. Сондай-ақ, «Алматы» қаланың Замоскворечье атты тарихи ауданында ашылған 21-бекет болып отыр. Бекеттiң тереңдiгi – 10 метр. Метростанса түгелдей гранит және мәрмәр тастарынан қаланған. Ал, кiреберiс залдардағы жолдар қазақтың ұлттық ою-өрнектерiмен әшекейленiптi.

Бекетке «Алматы» атауы Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеудi қорғау үшiн ерлiкпен шайқасқан атақты Панфилов дивизиясының Алматыда құрылғандығы үшiн қойылған. Бұл жөнiнде кеше Мәскеу мэрi Сергей Собянин «Бiз бұл атауды Мәскеудi қорғау үшiн қасық қаны қалғанша шайқасқан панфиловшыларға ескерткiш ретiнде қойып отырмыз» дедi.

Ал, Қазақстанның Ресейдегi елшiсi Ғалым Оразбақов метростансаның жаңа атауы Қазақстан мен Ресей арасындағы берiк байланысты одан әрi нығайта түсетiндiгiн айтты.

Естерiңiзде болса, бұрынырақта бiз Алматы метросының екiншi кезегiнде пайдалануға берiлетiн стансалардың бiрi «Мәскеу» деп аталып, есесiне Мәскеуде «Алматы» метростансасы пайда болатындығын қуанышпен хабарлағанбыз. Бiрақ, сонда бауырлас қалалардың арасындағы ынтымақтастықты күшейте түсер деген игi бастама Мәскеудiң «Братеево» ауданының тұрғындарының наразылығын тудырған-ды. Братеевоның жергiлiктi тұрғындары мен мәскеутанушыларға бекеттiң бұрынғы атауы, яки «Братеево» көбiрек ұнайды екен. Сондай-ақ, тұрғындар «Жаңа атау («Алматы») нысанға жақын тұрған елдi-мекенге қатысы жоқ болғандықтан тұрғындар жиi шатасатын болады» деп уәж бiлдiрген едi.

Ақырында, аймақтық нысанға атау беру туралы комиссияның құрамына кiрген билiк өкiлдерi мен көрнектi қоғам және мәдениет, ғылым қайраткерлерiнiң көпшiлiк дауысы негiзiнде бекетке «Алматы» атауы берiлдi. Ал, «Мәскеу» деп аталатын қайтарымды метростанса Алматыда 2015 жылы ашылады деп жоспарланып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *