«Мөлдiрдiң» мөлдiр моншақтары

Рая ЕСКЕНДIР

Алмалы ауданындағы №4 Оқушылар үйi жанынан құрылған «Мөлдiр» халық биi ансамблiнiң атағы бүгiнде Алматы қаласында ғана емес, Қырғызстан мен Тәжiкстанда, тiптi Румыния, Испания мемлекеттерiнде кеңiнен танымал болған.

Аталмыш ансамбль алғаш рет өнерлi балаларды iрiктеп, 1996 жылы бiр топ болып ашылса, бүгiнде олардың қатары 3 топқа жеттi. Өнер көгiне самғап, алғашқы қадамдарын осынау көк үйдiң қабырғасында қалыптастырған өнерпаздардың денi үлкен өнер жолын таңдап жатады. Осы жылдар iшiнде талай таланттың танылуына себепкер болып, өнердегi тұсауын кескен қара шаңырақ бүгiнде өзi баптаған түлектерiмен мақтанады.

– Бiзге келген балғын бишiлердiң ең жасы алтыда болса, кәнiгi бишiлердiң жасы 17-ге келедi, – дейдi, өз «өнiмдерiнiң» өнерiне көңiлi толған ансамбль жетекшiсi Пана Исмаилова.

Би өнерi – тынысымыз, жанкештi еңбектi қажет ететiн күрделi жанр. Сондықтан, мұнда көбiне жүрек қалауымен емес, қызығушылықпен «адасып» келiп жататын бiр-сарандар болмас, табиғи дарындардыларды жатсынбай бауырына басып, тәкаппар өнердiң қатаң қағидасына берiк бишi етiп шығарады.

Өнерлi баланың бойындағы ерекше қасиеттi қалт жiбермей қағып алатын Пана Дарушқызы бұл ретте қателесе бермейтiн жан. Көктем келгелi бұл өнер ұжымының бiр сәт бос күнi болған жоқ. Өйткенi, қаладағы мерекелi кештiң бiрде-бiрi «Мөлдiрдiң» мөлдiреген бишi қыздарының қатысуынсыз өткен емес.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *