2 млн. адамның өмірін сақтап қалуға болады

 

Ғалымдар әлемдік қауымдастықты шұғыл әрекет етуге шақыруда. Олардың болжамы бойынша, егер 9 елдің билігі ауаның ластануы мәселесіне қатысты саясатын өзгертсе, 2040 жылға дейін 2 милилионнан аса адамның өмірін сақтап қалуға болады. Олардың қатарында Бразилия, Қытай, Германия, Үндістан, Индонезия, Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы, Ұлыбритания және АҚШ елдері бар. Әлем бойынша атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың 50 пайызы осы 9 елдің үлесінде екен.

 

Мұхитта балықтан гөрі пластик көп болуы мүмкін

Ғалымдар пластиктің зияны туралы айтып, дабыл қағуда. Олар ұсынған болжам бойынша, 2050 жылы мұхиттарда балықтан гөрі пластик көп болуы мүмкін. Қазірдің өзінде мұхиттағы пластик саны артқан. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, жыл сайын 8 миллион тонна пластик суға тасталады екен.  Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

– Коронавирус пандемиясы біздің қандай осал екенімізді көрсетті. Қоршаған ортаның ластануы үшін адамзат жауапты. Осылай жалғаса беретін болса, 2050 жылы мұхаттағы пластик балықтан асып кететін түрі бар. Сонымен қоса, осы ғасырдың соңына дейін тропикалық рифтер мүлде жойылуы мүмкін. Сондықтан бізде осы бағыттағы зерттеулерді күшейтуіміз керек, – деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш. Сондай-ақ, ол ғалымдардан көмек сұрап, осы бағытта қаржыландыруды арттыру керектігін айтты.

                   Тасбақалардың жойылып кетуі мүмкін

Мұхитқа тасталған кез келген затты су жануарлары жеп қоюы мүмкін. Олардың қатарында пластик заттар да бар. Салдарынан жылына 100 мыңға жуық сүтқоректі, теңіз құстары мен тасбақа қырылып жатыр. Осы ретте Австралияның Квинсленд штатында экологтар тасбақаларды құтқару жұмыстарына кіріскен. Өйткені, олардың ағзасынан пластик, түрлі заттар, тіпті дәрі-дәрмек қалдықтары табылыпты. Мамандардың тасбақалар үшін алаңдауы бекер емес. Қазірдің өзінде олардың 60 пайызы жойылып кету алдында тұр.

Қайта өңделген пластикке көшті

Coca-Cola қайта өңделген пластикке көшті. Негізі экологтар қоршаған ортаны пластикпен ең көп ластайтындардың бірі осы Coca-Cola компаниясы екенін айтады. Олар 51 елдің аумағынан табылған заттар негізінде осындай қорытындыға келген. Енді алпауыт корпорация экологиялық жағынан таза жаңа бағытқа бет бұра бастады. АҚШ-тағы өндіріс кезінде тек қайта өңдеуден өткен пластикті ғана қолданатынын жария етті. Ал, келесі жылы Coca-Cola-ның Швециядағы бүкіл кәсіпорындары осы әдісті қолданатын болады.

Дайындаған Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *