Мүгедек жандарға арналған жәрмеңке

 Осы жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы «Nur Otan» партиясының 

Алматы қалалық филиалымен бірлесіп, мүгедектерге арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Бүгінгідей пандемия жағдайында жұмыс іздеушілерге ыңғайлы болу үшін бос орындар жәрмеңкесі онлайн-режимде (ZOOM платфо

 

рмасы негізінде) өтеді. Ал интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ азаматтарға Назарбаев даңғылы, 50 мекенжайында (108-кабинет)

орналасқан Жұмыспен қамту орталығында осы жәрмеңкеге қатысуына жағдай жасалған.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесе алады, алдын ала әңгімелесуден өтіп, түйіндемесін жібере алады.

Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмысқа орналастыру, жаңа кәсіпті тегін оқыту мәселелері және өтеусіз мемлекеттік гранттар алу мүмкіндіктері бойынша жан-жақты кеңестер береді.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн-бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 22 қаңтарда сағат 10.30-да басталады. Ал сағат 10.00-ден бастап қосыла беруге болады.

ZOOM платформасына кіру сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/7886683865?pwd=eWtyUkpLSjJ4VUsxdUJVYTZjZEc0QT09

Конференция идентификаторы: 788 668 3865

Код: 5892095

Байланыс  телефоны: 224 20 00.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *