М. Әуезовтің кітабы жарық көрді

М. Әуезовтің кітабы жарық көрді
Сурет: 24.kz

Мұхтар Әуезовтің Америкаға сапары Кеңес Одағы мен АҚШ Үкіметінің арасындағы «Мәдени, техникалық және білім саласындағы қарым-қатынас» туралы келісімнің нәтижесі болатын.

60 жылдан астам уақыт өткен соң, АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен қазақ және ағылшын тілінде жарық көріп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Кітапты үлкен қызығушылықпен оқыдым. Ол екі елдің тарихындағы ең қызықты кезеңдер туралы әсер қалдырды. Осыдан 60 жылдан астам уақыт бұрын АҚШ пен Кеңес Одағы екі ел арасындағы мәдени байланыстарды құру арқылы өзара түсіністікке қол жеткіземіз деген келісімге келді. Мұхтар Әуезовтің осындай мәдени қарым-қатынастың алғашқы делегациясының құрамында болуы үлкен бақыт деп есептеймін», - деді Алматыдағы АҚШ Бас консулы Кэролайн Сэвидж.

Жазушы Американың әртүрлі салалардағы жетістіктерін, табиғатының әсемдігін, америкалықтардың тұрмыс-тіршілігін қағаз бетіне түсірген. Кітаптың тұсаукесерінде Мұхтар Әуезовтың жолсапар жазбаларынан үзінділер оқылды. 

«Мұхтар Әуезов Американың  ең ірі қалаларын аралады. Ол Вашингтонда, Нью-Йоркте, Бостонда, Феникс қаласында, Аризона штатында болды. Ол тіпті Дисней Лэндке барды, Голливудта болды, университеттерде, мектептерде көптеген кездесулер өткізді, сонымен қатар Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасында болып,  америкалық жазушылармен жеке кездесулер өткізген. Қазақ және ағылшын тілінде жарық көрген «Америка әсерлері» кітабын «Кітап.кз» платформасынан қыркүйек айының соңына дейін тегін оқуға болады», - дейді Әуезов мұражай-үйінің директоры Дияр Қонаев.