Мұқағалидың ұстазы Әуезовке араша түскен

Мен – Үйсiнмiн, қауға берсең, қауға бер,
Қан ағызып үйренгем жоқ, жаулап ел.
Дауы да жоқ, жауы да жоқ, тып-тыныш,
Бауырларым, бiздiң асқақ тауға кел.
(М. Мақатаев)
Елiнiң татулығын түлеткен, тыныштық пен бейбiт өмiрдi күзеткен, тәуелсiздiктi арман еткен, елiн еңбекетуге үйреткен ата-бабаларының осындай өмiрiмен,олардың тыныс-тiршiлiгiн таныстыра, жұртыныңмекен еткен жерiн көрсету арқылы бүкiл қазақтытыныштыққа шақырып тұрғандай. Осы шақыруғабүгiн шет елдерден, түркi әлемiнен, Қазақстанның барлық облыстарынан қонақтар келiп отыр. Бұдан 35-40 жыл бұрын Мұқаңды Жазушылародағының құрамынан шықсын деп қол көтерген одақ мүшелерi де болған. Мұқағали шығармаларының өмiршеңдiгi, оқырмандарының көбейiп, оның әртуындысына тәнтi болуы, көкiрек көзiмен зерделе пәнге қосуы, жастардың Мұқағали өлеңдерiн жаппай жаттап, сахналауы әдебиетке төрелiктi уақытайтатынын көрсетсе керек. Мұқағали поэзиясының құдыретi бiр шаңырақ емес, бiр ауыл ғана емес, бүкiл қазақтың есiктегi басын төрге жеткiзедi. Әлем халықтарына өнер туындысы арқылы өзiн, туғанжерiн, халқын танытты. Көзi тiрiсiнде Абайлар-ай, Махамбеттер-ай деп, осы алыптардың туындыларынпiр тұтқан, солардан тәлiм алған, сөз өнерiнiң құдыретiн сезiнген ақын, өз шығармаларымен туғанжерi, тау тәңiрi – Хантәңiрi шыңындай өзiн де, елiнде шынар биiкке көтередi. Мұқағали не көрдi? Өзiнiң замандастары сияқты қызыл империяның жергiлiктi халықтың малын тәркiлеу, колхоздастыру сияқты саясатымен, қолдан жасалған ашаршылықта дүниеге келедi. Ол 6-7 жасқа келгенде ағайын-туыстарының «Халық жауы» атанып, жазықсыз сотталғандарын көрдi. Бiр ғана Шалкөде өңiрiнде 1937-38 жылдары 159 азамат осындай жаламен ұсталды. Олардың балалары, өзiнiң құрбы-құрдастары Ахметов Сыдық, Өмiрзақов Тоқберген, Базақов Бейсенбек, Мұқашева Ұлбике, ИсақұловОразбай, Қозыбақтардың басына түскен қайғы-қасiреттен жылағаны жанына батты, бiрге жылады. Олармен бiрге азапты балалық шақты бiрге өткiздi. Одан кейiн 1941 жылғы немiс-фашист басқын-шыларының бейбiт елiмiзге басып кiруi. Осы соғыскезiнде бұғанасы қатпаған Мұқағали, оның замандастары таң алаңнан кешке дейiн үлкендермен бiрдей «Жеңiс үшiн», «Отан үшiн» ұранын басшылыққа алып еңбек еттi. Мұқағали және оның замандастары балалық шақтағы ауыр еңбектi арқалап жүрiп ер-жеттiк, мектеп бiтiрiп, орта бiлiм алдық. Тағы бiр еске түскен жағдай туралы айтайын. «Социалистiк Қазақстан» орта мектебiнiң 8-9-сыныбында бiзге қазақ тiлi мен әдебиетiнен ӘкiмқожаСадыров ағай сабақ бердi. Ол кiсi өте сұсты, әрi қатал, сабақты жан-жақтыжақсы түсiндiре бiлетiн ұстаз едi. Бiр күнiсол кiсi Абай туралы, Мұхтар туралы әңгiмебастады. «ҚазПИдiң екiжылдық мұғалiмдер институтында оқыпжүрген кезiм, – депбастады сөзiн. – Бiркүнi институттың жиналыс залында жазушы М.Әуезовтiң«Абай жолы» романы талқыланады, соған келiңiздер деген хабарлама оқып, залға кiрдiм. Жиынды бас-қарушы: «Абай жолы» романы таптық тұрғыдаталқыланады деп шегелеп айтты. Сөйлеушiлер, «Абайжолы» романы қанаушы таптың өкiлiн, аға сұлтан Құнанбайдың заманын, оның болыс болған баласы Абайдың өлеңдерiн, өмiрiн дәрiптейдi. Бұл бiздiң тапжауымыз, сондықтан мұндай шығарманы шығаруғаболмайды. Оның үстiне Мұхтар кiм? Кешегi алашордашы, өзi де ауқатты әулеттiң өкiлi, оңың мақсаты — байманапты мадақтау. Бұған жол беруге болмайды»,— дестi. Осындай тұжырымда сөйлегендер басымдықалып тұрғанда, «менiң айтар пiкiрiм бар» деп студент Әкiмқожа қол көтерiп мiнберге шығады. Сондағы олкiсiнiң бар айтқаны: «Абай – Гималай! Бұл қалай» деп трибунадан түскенде, залда отырғандар орындарынан тұрып қол шапалақтап тұрып алған. Осыдан кейiн «Абай жолы» романына көзқарастаптық тұрғыдан емес, Абай туындыларының құндылығы тұрғысынан талдау жасалады. Әкiмқожа ағай Мұхтар Әуезовпен араласыптұрады. Сәлем бере барғанда Мұхтар жары Валентинаға «Әкiмқожа қайның келдi, дайындал, бiздiжақсылап күт», – деп әзiлдейдi екен. Екi ауыз сөзбен бүкiл аудиторияны өзiне қаратқан және Абайшығармаларының қадiр-қасиетiн осы теңеумен ұғындырған сөз құдыретiнiң күшiн жас талант, зерделi Мұқағали осы кезден ұғынған болуы керек. Кейiн өз шығармаларына сын көзiмен қараған Мұқаң: «Абайлар-ай, Махамбеттер-ай» деп, солардың өнер туындыларының болашақ ұрпақ тәрбиесiндегi орнын, кiсiлiк келбетiн қалыптастырудағы рөлiнайқын аңғарған. Сөз өнерiн осы екi алыптай өрнектесемдеген арманмен ақындық шыңға көтерiлдi. Мұқағали айтқандай:

Өлмедiк бiздер аш қаңғып,
Жасамай жанға қастандық,
Туылдың қайта бостандық.
Сабаннан көрпе жамылып,
Сабаннан жастық жастандық
Өлмесiн дедiк жабылып,
Өзiң берген бостандық.
Мұқағали арман еткен бостандық, тәуелсiздiк туынбиiктете берейiк!.

Жамалбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Райымбек ауданының құрметтi азаматы,
Мұқағалидың сыныптасы, зейнеткер.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close