Мүлік салығын қашанға дейін төлеу керек?

Мүлік салығын қашанға дейін төлеу керек?
Сурет: 24.kz

Жеке тұлғалар мүлік салығын Қазақстан аумағындағы өздерінің меншігіндегі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, жер учаскелері үшін төлейді.

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталатынын ескертеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдары есептеген салық сомасы (мүлік салығы) туралы хабарламаларды тапсыруды «Қазпошта» арқылы жүргізеді.

Сонымен қатар салықты kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінде, е-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.