Луценко ерледі

Луценко ерледі
Olympic.kz

Алексей Луценко «Коппа Агостони» веложарысында жеңіске жетті

Велоспорттан Қазақстан командасының үздігі Алексей Луценко «Коппа Агостони» біркүндік жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Итлияда өткен бәсекеге «Астана» командасы атынан Мануэле Боаро (Италия), Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Алексей Луценко (Қазақстан), Родриго Контрерас (Колумбия), Маттео Собреро (Италия) қатысқан. Луценко мәреге жақындаған тұста барлық қарсыласынан басып озып, жеңіске жетті.