Лудоманияға қарсы арнайы заң дайындалды

Лудоманияға қарсы арнайы заң дайындалды Сурет: интернеттен

Бұл заң жобасында 50-ден астам нақты түзетулер көзделген.


Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев лудомания және букмекерлік кеңселердің жұмысын біріктіру мәселелері бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ол өз сөзінде мемлекеттік органдардың президент тапсырмасы бойынша Парламент депутаттарымен бірлесіп, азаматтар арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауға тиіс екенін айтты.



Өкінішке қарай, құмар ойынның жетегінде кетіп жатқан жастарымыздың саны күнара өсіп келеді. Оңай ақша табуға шақырған түрлі жарнама жастарымызды құмар ойынға алдап түсіріп жатыр. Қарызға батқан көп отбасы ажырасып, тіпті өз-өзіне қол жұмсаушылар да бар. Лудомания – біздің қоғамда қауіпті дертке айналды. Министрлік ойын бизнесіне қарсы күрес бойынша мемлекеттік бақылау шеңберінде бірқатар кешенді шаралар қабылдауда, – деді Ермек Маржықпаев.



Оның айтуынша, бүгінде еліміз бойынша ойын бизнесімен айналысуға 28 лицензия берілген. Оның 5-еуі – казино, 8-і – ойын автоматтары залы, 13-і – букмекерлік кеңсе және 2-еуі – тотализатор.


Мемлекеттік бақылау шеңберінде ойын бизнесі қызметтеріне тексеру жүргізіліп жатыр. Заң бұзылған жағдайда олардың лицензияларының күші жойылады. Биыл тексеріс нәтижесінде 7 букмекерлік кеңсенің, 5 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залының лицензиясы тоқтатылды. Қазір сот арқылы тағы 3 букмекерлік кеңсені лицензиядан айыру рәсімі жүргізілуде.



Министрлік AMANAT партиясы фракциясымен бірлесіп, «Ойын бизнесі, букмекерлік кеңселер мен лотерея қызметтері» бойынша арнайы заң жобасын дайындады. Бұл заң жобасында 50-ден астам нақты түзетулер көзделген. Оның ішінде букмекерік кеңселердің жарнамасын шектеу, тұрғын үй, дүкендерде, медицина, білім беру нысандарында лотоматиктерді орнатуға тыйым салу, онлайн казиноны ұйымдастырушыларға қылмыстық жауапкершілікті белгілеу, онлайн казиноға, заңсыз букмекерлік кеңселерге транзакциялар жасауға тыйым салу, өтелмеген қарызы бар азаматтарға, оның ішінде алименттік және салықтық жабылмаған қарызы бар адамдарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салу мен букмекерлердің қаржы айналымын нақты білу үшін салық органдарының қаржылық-ақпараттық жүйлерімен интеграциялау сияқты түзетулер бар, – деді ол.



Министрдің айтуынша, 21 жасқа толмаған жастарды құмар ойынға заңсыз қатыстырғаны үшін жауапқа тарту көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07