Ұлттық палата бизнес шығыны қалай өтелетінін түсіндірді

Ұлттық палата бизнес шығыны қалай өтелетінін түсіндірді
Cурет: Otyrar.kz

Өтінішке электронды цифрлы қолтаңба арқылы қол қойылады

Елімізде тәртіпсіздік салдарынан бизнеске келтірілген шығын қалай өтелетіні белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап.   

«Атамекен» палатасы кәсіпкерлерге келтірілген залалды мемлекеттің өтеу процесі қалай жүргізілетінін түсіндіреді. 

ГРА: Кәсіпкер шығынды өтеу туралы өтінімді қажетті құжаттармен қоса, InfoKazakhstan арқылы жібереді. 

Өтінішке электронды цифрлы қолтаңба арқылы қол қойылады. Кейін оны өңірлік комиссия қарайды. 

Олар залалды өтеу сомасын жергілікті бюджеттен бөлу туралы шешім шығарады. Содан соң қажетті қаржы кәсіпкердің есепшотына аударылады. Сонымен қатар өтеуге тиесілі сома қалай есептелетіні де жарияланды.