Лотос гүлдеді

Лотос гүлдеді
Ru.best-wallpaper.net

Алматыда шілде айының соңы мен тамыздың ортасы –  лотостың гүл ашатын уақыты. 

Бұл сұлулықты Первомай тоғанынан көруге болады. Қазір қалалықтар осы керемет көріністі тамашалап, гүлдердің арасында суретке түсу үшін арнайы ағылып барып жатыр. Бұл жер алматылықтарға әлеуметтік желілер арқылы 2019 жылы белгілі болды.

Тұрғындардың айтуынша, қасиетті гүл мұнда өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңында пайда болды, кейінірек ол тез өсе бастаған. Жалпы, лотос гүлі тазалықтың белгісі болып есептеледі. Оның бүршіктері күннің алғашқы сәулелерімен ашылады. Алдымен жапырақтары ашық қызғылт түсті болады да біртіндеп қызылға айналады. Ымырттың басталуымен олар таңертең қайтадан гүлдену үшін су астына жасырынады. Аумаққа кіру 2 мың теңге тұрады. Жағалауда жалға берілетін арнайы күркелер бар. Ал таңғы 5-те келгендерге бар сұлулықты тегін тамашалауға болады.

Қаладан автокөлікпен жарты сағатта жетуге болады. Первомайский тоғандары Алматы облысының Іле ауданында, Солтүстік айналма жолынан 17,5 шақырым жерде орналасқан. Ал қоғамдық көлікпен барсаңыз, «Первомайские пруды» аялдамасынан кейін шамамен 20 минут жаяу жүресіз.