Лос-Анджелесте қазақ тілі орталығы ашылды

Лос-Анджелесте қазақ тілі орталығы ашылды
Сурет: Qazaqtv.com

АҚШ-та қазақ мәдени орталығы жұмыс істей бастады

Орталықта қазір 20-дан астам бала тәлім алады. Олардың дені 5-13 жас аралығындағылар. Сондай-ақ ұстаздар балғындарға ана тілін үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті мен өнерімен жақын таныстырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«5 жасынан бастап ағылшын мектебіне барғандықтан, кейбір балалар ағылшын тілінде сөйлеп қана қоймай, ойлауы да мүмкін. Сондықтан біз аптасына бір мезгіл қазақтың тілін, мәдениетін ұмытпаса екен деп сабақ өткіземіз. Мен біздің балалармен мақтанамын. Себебі олар қайда жүрсе де қазақша сөйлеп, қазақ екендерін мақтаныш тұтады», - филолог Қарлығаш Шыныбаева. 

Орталық директорының айтуынша, жоба бірінші кезекте шетелде тұратын қазақтарды біріктіру үшін қолға алынды. Идея әсіресе ата-аналар арасында кең қолдауға ие болды.

«Жастар немесе ересек адамдар келіп, осы жердегі қазақтарға тіл үйреткісі келсе, есігіміз ашық. Бұл қазақтардың бір-бірін қолдауы үшін маңызды»,- Калифорниядағы қазақ орталығының директоры Раушан Мұхтар. 

Алдағы уақытта өзге бағыттағы үйірмелерді де ашу жоспары бар.