Лондонда өткен Еуразия киносының тәуелсіз фестивалінде қазақстандық авторлар үздік деп танылды

Лондонда өткен Еуразия киносының тәуелсіз фестивалінде қазақстандық авторлар үздік деп танылды
Сурет: Inform.kz

Еуразиялық шығармашылық гильдиясы коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырған кинофестиваль биыл төртінші рет өткізіліп отыр.

Оған 11 елдің өкілі қатысып, барлығы жиырма бес туынды ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 

Журналист-жазушы Наталья Махноның «Бифуркация нүктесі» шығармасы «Ең үздік сценарий», Ділшат Рахматуллиннің «Бесік жыры» анимациялық фильмі «Көрермендер көзайымы» аталымдары бойынша марапатталды.

Бірақ жеңімпаздар Лондонға келе алмады. Ұлыбритания билігі виза беру уақытын ұзартып тастаған. Жүлделер оларға пошта арқылы жіберіледі.

"Наталья Махноны жеңісімен құттықтаймыз. Бірнеше жақсы сценарийлер болды, бірақ «Бифуркация нүктесі» шығармасы өзінің шынайылығымен басым түсті. Сценарийге жас қыздың тағдыры және оның махаббат сезімі арқау болған", - деді қазылар алқасының мүшесі Питер Бланд.