Әлішер ТОЙГУЛИЕВ, «Давай сходим» холдингінің директоры: Әкімдік үнемі қолдау білдіріп отырады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Алматы – 2050» Стратегиясының цифрландыру бағыттарын дамыту жөнінде жасаған баяндамасында қаладағы атқарылып жатқан жұмыстар түгелдей қамтылды. Әкімнің цифрландыру бағытына баса назар аударып отырғаны қуантады. Бақытжан Әбдірұлы атап өткендей, қазіргі заманда алдыңғы қатарлы мегаполистердің қатарында болу үшін, қалалықтардың өмірін жайлы етіп, уақыттарын үнемдеу үшін қаланы цифрландырудың маңызы ерекше.

Жыл басынан бері жаңа құрылған IT-кеңестің мүшесі ретінде біз Цифрландыру басқармасымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Біздің жауап беретін саламыз – қаладағы мәдениет, спорт, туризм нысандарының цифрландырылуы. Осы уақытқа аталған нысандардың тізімін жасап, түгендеп шықтық. Енді жылдың соңына дейін осы нысандарды толықтай цифрландыруға тырысамыз. Мысалы, кез келген шараға билет алу, билет сату,  оны тексеру секілді қызметтердің барлығы цифрландырылады.

IT-кеңесте менен өзге де ірі компаниялардың басшылары, әр бағыттың кәсіби мамандары бар. Айталық «Smart City» мамандары, интернет құрылғыларымен айналысатын мамандар, барлығы өз бағыттары бойынша қызмет етіп жатыр. Біз Мәдениет, Спорт, Туризм басқармаларымен, олардың мамандарымен бірлесіп, кеңесіп отырып, қаланы автоматтандыру мәселелерін өзара талқылаймыз, қордаланған мәселелері болса, шешімін табуға тырысамыз. Біздің мақсатымыз – тек цифрландыру ғана емес, цифрландырылған мекемелердің сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу. Себебі кейде цифрландыруға қатысты жобалардың ішінде сәтсіз шығып, тек есеп үшін іске асырылғандары да кездеседі. Мұндай сапасыз жобалар ешкімге абырой әпермейді. Сондықтан біздің ұстаным – жұмыстың тыңғылықты атқарылуы. Бір қуантарлығы, әкімдік қашан да біздің жұмысымызға қолдау білдіріп отырады, осы бағыттағы жобаларымыздың іске асуына көмектеседі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *