ӘЛЕМДIК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ТӨРТIНШI ҚҰРЫЛТАЙЫ

Құрылтайда бүкiл адамзатты алаңдатқан мәселелер бойынша қызу пiкiр алмасу өрiс алды. Елбасы, съездiң бастамашысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы алқалы жиында сөйлеген сөзiнде көтерiлген көкейкестi мәселелер көпшiлiк тарапынан нақты түсiнiстiк пен қолдау тапты.

Қазақстан – бейбiтшiлiк пен бiрлiктi ұстанған, ұлтаралық достықты қалыптастырған, дiнаралық және конфессияаралық келiсiмдi ұстанған зайырлы ел. 140-тан астам ұлттар мекендеген елде дiни ұстанымдар еркiндiгi мен бостандығы салтанат құруда.

Бұл съезд барлық жаһандық, дәстүрлi дiндер көшбасшыларын бiр шаңырақ астында жинады. Құрылтай қонақтарының арасында Бүкiләлемдiк ислам лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин ат-Турки, Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Консультативтiк кеңесiнiң төрағасы Абдалла әл Аш-Шейх, Мазхабтардың жақындасуының бүкiләлемдiк ассамблеясының Бас хатшысы Аятолла Мухаммад Али Тасхири, аты әлемге мәшһүр әл-Әзһар мешiтiнiң бас имамы Шейх Ахмад Мухаммад ат-Тайиб, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев, ЮНЕСКО Бас хатшысы Ирина Бокова, Канаданың бұрынғы басшысы Жан Кретьен бар. Құрылтайға православтар жетекшiсi – Мәскеу және бүкiл Ресей Патриархы Кирилл арнайы келдi. Жаһандық дiни лидерлер жиынында католиктер атынан – Ватикан iстерi жөнiндегi Папалық комиссияның құрметтi президентi, мемлекет-қала Ватиканның губернаторы, кардинал Джованни Лайоло, иаһудилер атынан – Израильдiң Бас ашкеназ раввинi Йона Мецгер, Бас сефард раввинi Шломо Амар өз дiндестерiнiң мүддесiн қорғауға келiптi. Құрылтайға Бүкiләлемдiк лютеран федерациясының бас хатшысы Мартин Юнге, Жапон синтоистiк храмдары қауымдастығының президентi Цунекиё Танака, Буддистердiң бүкiләлемдiк одағының вицепрезидентi Хамба лама Чойжилжавын Дамбажав, Қытай буддистерi қауымдастығы төрағасының орынбасары Сюэ Чен қатысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *