Әлемдегі алып ескерткіштер

Ұлыбритания. Фолкерк. Фольклордағы образды кейіптейтін су перісі бейнесіндегі ат мүсінінде көрінетін ескерткіш шотланд экономикасының кереметін, күш-қуатын кескіндейді. Мүсін авторы Энди Скоттың айтуынша, оның шығармасы қуатты өндіріс орны мен қала салтанатын образды бейнелеуге негізделген. 30 метр биіктіктегі 300 тонналық (әрқайсысы) екі аттың басын бейнелейтін алып ескеркіш Форт-Клайда каналына кіре берістегі Каррон көлінде орналасқан. (Суреті – жоғарыда)
Үндістан. Коимбатур. Адийоги Шива. Шива йоганың атасы болып саналады. Алғаш йоганы өмірге әкелуші Адийогиға орнатылған әлемдегі тұңғыш алып ескерткіш. Оның биіктігі 112 фут, яғни 32 метр. Бұл сан йогада жетістікке жеткізетін мүмкіндіктерді білдіреді.
Португалия. Алмада. Христ патшаға арналған көпір жанындағы ескерткіш португалдықтардың бастамасымен 1954 жылы орнатылған. Бұл ескерткіш Екінші дүниежүзілік соғыс сұмдықтарынан бойды аулақ салу үшін салынған. Соған орай Христің 28 метр ескерткіші Тежу өзенінің үстіне қойылған. Өзен биіктігімен салыстырғанда 82 метрге жетеді. Иса пайғамбардың аяғының астынан шашылған шұғыла бүткіл Лиссабонды жарқыратып тұрады.
Қытай. Лэшань. Болашақ Буддасы. Будда Майтрейді бейнелейтін алып ескерткіш жартасты қашап салынған. Биіктігі 71 метр, иықтарының ұзындығы 30 метр, қолының саусақтары 8 метрге дейін жетеді. Бұл кереметті жасау 713 жылдары басталып, 90 жылға созылған. Хай Тун монахтың бұл жобасы жергілікті жердегі су тасқынын қалыпқа келтіреді деген ниетпен жасалған.
Сингапур. Сентоса. Мерлайон. Айрықша ескерткіш Мерлайон Сингапурдың символы. Оның басы – жолбарыс, құйрығы – балық. Ал енді оның Сентос аралындағы көшірмесі 37 метр биіктікте орналасқан. Екі жаққа қарап тұрған ескерткіштің басы мен қолы жолбарыстың рухын бейнелейді.
Мексика. Ханицио. Мичоакан штатында балықшы үйлерінің тұсына халық батыры Хосе Мари Морелосқа 40 метрлік ескерткіш орнатқан. Оның жоғары көтерген жұдырығына дейін арнайы баспалдақпен шығуға болады. Ішкі қабырғалары қымбат заттармен әшекейленген.
Моңғолия. Цонжин-Болдог. Шыңғысхан ескерткіші. Әлемдегі атқа қойылған ең биік ескерткіш. Тұғыртасын есептемегенде биіктігі 40 метр. Екі қабатты. Ішіне дүкен, галереялар орналасқан, моңғол хандарын бейнелейтін символдық 36 колонна қоршап тұр. Аттың басына шығып төңірекке көз салып, таңқалуға болады.
Ресей. Волгоград. «Отан-Ана шақырады». «Сталинград шайқасының құрбандарына» орнатылған Мамаев қорғанындағы ескерткіш 1967 жылы ашылды. Авторы Евгений Вучетич. 85 метр биіктіктегі ескерткіш 22 жыл бойына әлемдегі ең биік туынды саналып келген. Ол әлі күнге дейін Ресей мен Еуропадағы ең биік ескерткіш. Болат қылыштың ұзындығы – 33 метр.
Бұл жөнінде Андрей Сахаров былай деп жазды. «Бірде басшылық Вучетичтен әйелдің аузы неге ашық, сүйкімсіз көрінеді» деп сұрапты. Сонда Вучетич «Ол Отан үшін деп айқайлап тұр ғой. Соны да түсінбейтін неткен басшылық» деп жауап беріпті.