Әлем тұрғындарының 7 пайызы солақай көрінеді

Өткен жылы жұрт жүзге жуық дәріні ала алмаған.

Алматы зообағында жаңа аквариум ашылады.

Иммунитетті көтеру үшін біруақ жылдам жүру қажет. Күлкі иммунитетті көтереді.

Қашағаннан 250 мың тонна күкірт экспортталды.

Парламент Сенатының депутаттары бір күндік жалақысын ШҚО-дағы зардап шеккендерге аударды.

Қазақстан Қытайға қой етін экспорттайтын болады.

Алакөлді абаттандыруға 817 млн. теңге бөлінді.

Еліміздің 17 теміржол бекеті цифрлық қызмет көрсе­туге көшті. 2020 жылға қарай ішкі бағыттағы пойыз билеттерін электронды түрде сату жоспарланып отыр.

Ресей АҚШ-тың Петербордағы Бас консулдығын жапты.

«Егемен Қазақстан» газеті жас журналистерге арналған «Егемен академиясын» ашты.

Қытайда орбитаға екі навигациялық жер серігі шығарылды.

Елімізде барлық пойыздарға WІ-FІ енгізілмек.

Шілдеде Қызылордадан Астанаға газ құбырының құрылысы басталады.

Астанадағы жаңадан құрылған Байқоңыр ауда­нының әкімі болып Ерлан Каналимов тағайындалды.

Шымкентте миллионнан астам қызғалдақ гүлдеді.

Головкин–Альварес реваншына билеттер қайта­рылуы мүмкін.

Елімізде жусанның 81 түрі өседі. Жусанның 17 түрі сирек кездесетін эндемик түріне жатады.

Астанадағы мемлекеттік және жекеменшік бала­бақ­­шалардың төлемі бірдей – 16800 теңге.

Зерттеулердің нәтижесінде алтынның 1,5 мың тонна болжамды ресурсы анықталды.

Оралман мәртебесінің уақыты біткенде оның мерзімін қайта ұзартуға болады.

Бірнеше күнде батыс елдерінен Ресейдің 130-дан астам елшілері шығарылды.

Кремль өз кезегінде елшілерді қудалап жатқан мемле­кеттерге жауап беретінін мәлімдеді.

Маңғыстаулық дизайнер Н.Нұрпейісова әйгілі Роналдуға арнап шапан тікті.

Кемероводағы қаза болғандар тізіміндегі үш адам тірі болып шықты.

Семейде 70-тен астам үй су астында қалды.

Сағынтаев жастарға сын айтқан ОҚО әкіміне ескерту жасады.

Шымкенттік прокурор парасын қайтарып жатқан жерінен ұсталды.

Сағынтаев баяндаманы қағазға қарап оқыған ми­нистр­ге ескерту жасады.

Моңғолиядағы қазақ генералы атағынан айырылды.

Әйгілі Виктор Калашников өмірден озды.

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет әлем­дегі ең талантты және болашағы бар футбол­шылар тізіміне кірді.

Елімізде лаңкестікпен күреске 270 млрд. теңге бөлінеді.

Қаладағы қонақүй қоры 8,5 мың бөлмені құрайды.

Жыл басынан бері 2 мыңға жуық алматылық тұрғын үй көмегін алды.

Әлем тұрғындарының 7 пайызы солақай көрінеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *