Лай көшкінінің қайта түсу қаупі жоқ

Лай көшкінінің қайта түсу қаупі жоқ Сурет: Алматы ТЖД

Алматы ТЖД осылай мәлімдеді.


8 ақпанда комиссия  зерттеу қорытындылары бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін қайта лай көшкінінің түсуіне қауіп жоқ деген шешімге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы қаласының Медеу ауданында арнайы комиссия жұмыс құрылып, құрамында ТЖД, Қазселденқорғау, қала әкімдігінің мамандары бар. Негізгі мақсаты - оқыс оқиға болған тау маңындағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тексеру.


Осылайша, мамандардың бағалауы бойынша 8 ақпанда 3000 текше метрден астам лай көшкіні  түсті. Сонымен қатар, жоғарыда 300-400 текше метр бос масса бар, ол қазіргі уақытта мамандардың күшімен тазартылып, сонымен бірге қауіпсіз  жағдайға келтіріледі.


Сонымен қатар, комиссия мүшелері болған оқиғаның себептерін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.



Бұған дейін Алматы қаласының Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин атап өткендей, үйлерге лай көшкіні түсінің бірнеше ықтимал себептері бар. Мәселен, Алматы қаласының ТЖД версиясы бойынша, болған оқиғаның алдын ала себептерінің бірі – техногендік сипаттағы себептер бойынша *топырақтың*ылғалданылуы мен сулану жағдайы Қазселденқорғау бағыты бойынша себептердің бірі-жоғарыда салынған үйлердің  тұрғындары шаруашылық тәсілмен салынған жерасты су құбыры деген болжам бар. Сонымен қатар, мүмкін нұсқалардың қатарына үйлердің жоғарғы желісінің тұрғындары  нөсерлі жауын шашынға қарсы дұрыс салынбаған   кәріз құбыры, сондай-ақ таулы аймақтағы  суды төмен жақа ағызуын қамтамасыз ететін септиктер жатады.



Алайда тергеу жалғасуда. Комиссия қазіргі уақытта барлық мүмкін факторларды егжей-тегжейлі зерттеп жатыр.


Тергеу қорытындысы бойынша комиссия жұмысының нәтижелері туралы тиісті ақпарат берілетін болады.


Ресми деректерге сенуіңізді сұраймыз.


Анықтама: Медеу аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды, оны құзыретті органдар тексереді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26