Лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктер туралы видео, сурет, аудио жазбаларды жүктейтін сайт іске қосылды

Лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктер туралы видео, сурет, аудио жазбаларды жүктейтін сайт іске қосылды
kaschenko-spb.ru

Елдегі болған жағдай кезінде түсіріліп алынған жазбаларды жасырын жүктейтін сайт пайда болды

Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz сайтын іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Бұл сайтқа азаматтар биылғы жылы орын алған лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктер туралы видео, фото және аудио жазбаларды жасырын түрде жүктей алады. Қазіргі уақытта прокурорлар айғақтарды жинап, бекітуде, сондай-ақ бейнежазбалардан қылмыскерлерді анықтауда.

Бұл ретте Бас прокуратура 115 Call-орталығына берген ақпараттары үшін азаматтарға алғыс айтып отыр.