Ләззат САҒЫНДЫҚОВА, Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің директоры: Жастарға үміт артамыз

Ләззат САҒЫНДЫҚОВА,  Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің директоры:  Жастарға үміт артамыз almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Жолдауында еліміздің экономикалық дамуы, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім мен ғылым, мәдениет пен бизнесті қолдау мәселелеріне айқын тоқталды.


Президент осы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстана отырып, ел бірлігі мен тұтастығын, ел егемендігін, халқымыздың татулығы мен тұрақтылығын сақтауға шақырды.



Маңызды мәселе – адам әлеуетін дамы­ту, сұранысқа ие мамандардың біліктілігін арттыру, Қазақстанда ғана емес, өзге ел­дерде де бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау бағытында идеологиялық жұ­мыстар жүргізу жөнінде айтты. Біз мәде­ниет саласының өкілдері ретінде осы ба­ғытта жас, креативті, еңбекқор мамандарды тарту бойынша жұмыстар жүргіземіз. Да­мыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, олар мықты деген жас ғалымдарды, білімді мамандарды өз саласына тартумен айна­лысқан. Шынымен де, мемлекет үшін қа­жет, орасан зор пайдасы бар игі іс.



Президент тағы бір маңызды бастама – саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу аса қажет екендігін баса айтты. Біз осы орайда Жолдауға қолдау білдіру үшін, он­дағы мақсаттарды жүзеге асыру бағытын­да мәдениеті бекем, руханиятқа жақын ұрпақ тәрбиелеу ісіне атсалысып келеміз. Осы мақсаттағы жұмыстарды алдағы уа­қытта да қарқынды түрде жүзеге асыруы­мыз қажет. Музей жастарды, өскелең ұр­пақты тәрбиелеу негізі ретінде үлкен рөл атқарып келеді. Жас ұрпақты әдепті де са­налы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымыз­ды, дінімізді, ата-бабалардан қалған наси­хат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз керек. Музейге келген жастар му­зейден өздеріне қажетті ақпарат алып, білімдерін толықтырады, рухани қуат алады. Демек, музей – өскелең ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттырып, елін сүю­ге тәрбиелейтін бірден-бір құрал екені сөзсіз.


20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл сайлаудан жастар да тыс қалмаса екен дейміз. Олардың да дауысы біз үшін маңызды. Жолдауда ай­тылған мақсат-міндеттердің денін де білімді, жігерлі, санасы сергек жастар қолға алады деп сенеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38