Көңіліңіз түспесін!

Көңіліңіз түспесін!
Сурет: Рetstory.ru

Жадырауды - жан сүйеді!

Австралиялық дәрігер һәм психолог Зигмунд Фрейд адам жанына қатысты бірқатар іргелі ойлар айтқан. Ғалым «Адамдармен қандай қарым-қатынас құруды өзің ғана біл. Өйткені, өзгеге сен қалай қарасаң, оларда солай қарайды деу бос сөз» депті. Расында көңіліміз қылтылдап тұрады. Оның бірқатар себебі бар. Бастысы тұрмыс, уақыттың жетпеуі, қаржылық қыспақ. Осы аталғандардың әрбірі келіп тірелгенде, адам автоматты түрде басқа күйге түседі. Осыны сараптай келе бірқатар ойларды ортаға салуды жөн көрдік.

Позитивті ойлау. Әрбіріміз өмірге бір-ақ рет келеміз. Екінші мүмкіндіктің болмайтыны анық. Ендеше осы өмірде ойнап-күліп, жадырап жүргенге не жетсін?! Ешбір нәрсені көңілге алмай үйренген абзал. Ел арасында «ит үреді, керуен көшеді» дейді. Терең мағынаға толы сөз деп білеміз. Ал қаржылық, жәй бір тұрмыстық жанжалдарды ұлғайтудың қажеті жоқ. Оның да шешімі бар. Шешілмейтін түйін болмайды. Сондықтан бес күн дүниеде сыйласып жүргенге ештеме жетпейді. Жеткенде емес. Мейілінше ақжарқын көңіл-күйді қалыптастырыңыз.

Түйін. Қазақ жұрты «оралыңның барында ойнада күл» деп терең мағыналы ой тастапты. Жоғарыдағы пікірлерді топтағанда осыған саяды. Әрбір жанның жадырап, жайнап жүруі тек өзіне ғана байланысты.