Көрсең, көзің тояды!

Көрсең, көзің тояды!
Суреттер: О.Жолдыбай

Әсерлі кез...

Халымыз «Ел іші – өнер кеніші» деп текке айтпаған. Осы күндері қастерлі сөздің құдіретін біртіндеп ұғынудамыз. Үлкен шаһарлар кім-кімді де таңдандырары анық. Ал Алматының әсемдігіне, сұлулығына сөз жетпейді. Шетінен керемет, шетінен ғажап ғимараттар. Өткен жолы Ұлттық ғылым академиясын сырттай көріп, бір тамсандым. Ауылда жүріп, радио, теледидардан естіп, газеттен оқығаным болмаса, көрмегенмін. Талай елге белгілі ғалымдарды дайындаған ұстахана екенін естігенмін. Сол кезде іштей бір жолы келермін деп, көңіліме түйіп қойған едім.

Соның сәті түсті. Жуырда жол түсіп барып қайттым. Сондай тамаша. Іші кітапқа толы. Академия ғимаратында орналасқан Әдебиет және өнер институтында болдым. Екінші қабатта орналасқан екен.

Қабырғадағы майлы бояумен салынған суреттерге назарым түсті. Қазақи нақышта, жап-жақсы үйлесім тапқан. Сонымен бірге кітап сөрелері, әртүрлі әдеби ғылыми еңбектер - бәрі-бәрі жарасымды.

Арасында сары-қоңыр түспен берілген ағаш назарға ілінді. Оны құтты өмір дарағы «бәйтерек» дерсіз. Қысқасы, осылайша өзіме көрме ұйымдастырдым. Бірқатарын фото-архив ретінде суретке түсіріп алдым.

Меніңше, көрме залдарын жиі аралап тұрған жөн секілді. Сонда адамның пайым-парасаты кемелденіп, өмірге деген талпынысы күшейеді деген ойдамын.