Көркем гимнасшы Эльжана Таниева халықаралық олимпиадада үздік үштіктен көрінді

Көркем гимнасшы Эльжана Таниева халықаралық олимпиадада үздік үштіктен көрінді Сурет: Olympic.kz

Мәскеуде көркем гимнастикадан халықаралық Olympico Cup 2021 турнирі мәресіне жетті


Халықаралық сын Ирина Винер-Усманова атындағы көркем гимнастика сарайында өтті. Көпсайыс қорытындысы бойынша, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Дина Аверина жеңіске жетті. Екінші орында оның сыңары Арина Аверина иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ал қазақстандық Эльжана Таниева үшінші орынға табан тіреді. Бұл - қазіргі таңда Мәскеудегі Винер академиясында жаттығатын Эльжананың тырнақалды табыстарының бірі. 


Айта кетелік, Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупованың бастамасымен отандық екі гимнаст Эльжана Таниева мен Сабина Бакатова Ресейдегі Ирина Винер-Усманова академиясында жаттығуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет