Көп балалы ана қазақстандықтарды екпе алуға шақырды

Көп балалы ана қазақстандықтарды екпе алуға шақырды
Сурет: Santecoeurdepuisaye.fr/

Зиуар Жұманова екпе туралы жалған ақпаратқа сенбеу керектігін айтты. 

Зиуар Жұманова көп балалы аналар қатарында. Түрлі жалған ақпаратқа сеніп, осы күнге дейін екпеге қарсы болып келген ол өз көзқарасын өзгерткенін айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Көп балалы ана Зиуар Жұманова осы кезге дейін вакцинаға қарсылығын білдіріп келген. Оған әлеуметтік желілердегі түрлі алып-қашпа әңгімелер себеп болған. Уақыт өте келе өз пікірін өзгерткен көп балалы ана әскерде жүрген тұңғышына КВИ-ға қарсы екпе салдыруына рұқсат берген. Сонымен қатар вакцина алған туыстарының барлығының да жағдайлары жақсы, дін аман екендігін жеткізді.

Қоғамда түрлі фейк ақпарат таратып, вакцинаға қарсылық танытушылардың жалған ақпараттарына сенбей, тек ғылыми дәлелденген деректерді қаперіңізде ұстауға шақырамыз. Сіз бен біздің денсаулығымыз жоғары жауапкершілікті талап етеді. Толық ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана пандемияны жеңе аламыз.