Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы ұлғайды

Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы ұлғайды
Cурет: 24.kz

Жеті балаға - 85 мың теңгеден артық қаражат беріледі

Бүгіннен бастап елде әлеуметтік төлемдерге қатысты бірқатар өзгеріс күшіне енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Президенттің бастамасымен қолға алынған шара. Соған сәйкес, биылдан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы ұлғайды. 

Бұл кәмелетке толмаған, орта және жоғары білім алатын, төртеуден көп бала өсіріп отырған, аналарға арналған төлем. Мысалы төрт балалы отбасына – 50 мың теңгеге жуық, бес балаға, 60 мың теңгенің үстінде, алты балаға, 70 мыңнан жоғары, жеті балаға - 85 мың теңгеден артық қаражат беріледі. Ал сегіз баладан бастап бұл сома әр балаға 12 мың 252 теңгеге артып отырады.