Көп балалы аналарға алқа беру ісін жеңілдеткен жөн

Көп балалы аналарға алқа беру ісін жеңілдеткен жөн
Сурет: Qazaly.kz

Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Уайс Ерсайынұлы айтты.

Оның айтуынша, «Алтын» алқа мен «Күміс» алқа беру ережесін қайта қарау керек деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алтын» алқа мен «Күміс» алқа беру ережесін қайта қарау керек. Себебі бұл награданы беру үшін жұмысқа қабылдайтындай тексеріс өткізіледі екен. Сотталмағаны туралы анықтама талап етіледі», - деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында.