Көне көліктер көрмесі ашылды

Көне көліктер көрмесі ашылды
Сурет: Favorit-motors.ru

Құндылығы жоғары көне көліктер

Германияның Мюнхен қаласында көліктер көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Шоуда неміс алпауыттары тұтынушылар назарына өздерінің соңғы үлгідегі көліктерін ұсынған. Сондай ақ автошоуда классикаға айналған ескі көліктерді де тамашалап сатып алуға болады.

Әр екі жылда бір рет Франкфурт қаласында өткізілетін автошоу биыл Баварияның орталығы Мюнхен шаһарында ұйымдастырылып отыр. Көрмеге неміс алпауыттарының су жаңа жоғары технологиялық көліктерімен қатар, көне классикалық және спорттық карлар да қойылған.

Бағзы заманда аз тиражбен шығарылып, қазір тек коллекционерлердің иелігінен кездестірілетін көне көліктерге арнайы бұрыш ашылған. Кейбірін сатып алуға да болады.

Мысалы, 1957 жылғы мерседес көлігі 1 миллион 150 мың еуро тұрады. Қымбат, бірақ сапасы мінсіз дейді мамандар. 

«Қазір көліктерде пластиктен жасалған бөлшектер көп. Ал ол кездерде бұл материал аз болғандықтан, сирек пайдаланылды. Сондықтан оны көлікте қолдану нағыз шеберлік болды. Оның үстіне мұндай тұлпарлар арнайы тапсырыспен жасалатын. Көне көліктер осынысымен құнды», - деді Motorworld көрмесінің бас директоры Андреас Дюнкель.