Көмірдің бағасы қанша?

Көмірдің бағасы қанша?
Сурет: Еgemen.kz

Бұл сұраққа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жауап берді.

Министрдің айтуынша, елімізде көмір бағасы өңірлерге байланысты тоннасына 5 мыңнан 19 мың теңге аралығында болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Көмір бағасы нарықтық қатынаста қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін айта кету қажет. Әкімдіктердің ақпараты бойынша, өңірлердегі көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл, ең алдымен, көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты», - деді министр.