Көлікте музыканы қатты қоймаңыз!

Көлікте музыканы қатты қоймаңыз!
Сурет: Amsrus.ru

Бүгін көшедегі көлік тізгіндегендерге қатысты осындай ескерту жасалды.

Егер сіздің көлігіңізден шыққан музыканың қатты даусы басқаларға кедергі келтірсе, сізді видеоға түсіріп,  «102» нөміріне хабарласуға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Ішкі істер министрлігінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев осылай деді.

«Яғни, жол қозғалысына қатысушылардың бәрі өзара сыйласып, қозғалысқа қауіпсіз жағдай жасауға, басқа қатысушыларға кедергі жасамауға міндетті. Мұндай фактілер анықталған жағдайда азаматтарға шектен тыс әрекеттерді сурет пен видеоға түсіруді ұсынамын. Содан кейін Әкімшілік полиция комитетіне хабарлауға немесе «102» нөміріне хабарласуға болады», - деп түсіндірді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.