Көлік саласы пандемиядан кейін қалпына келуде

Көлік саласы пандемиядан кейін қалпына келуде
Сурет: Сustoms4you.ru

Көлік саласы жандануда

ҚР ИИДМ-де көлік саласындағы 2021 жылғы 9 айдың қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 100,1% құрады.

Транзиттік контейнерлік тасымалдарда 795,2 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) көлемінде оң динамика сақталып, өсім 28% құрады.

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2,77 млрд тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,8% болды (2020 жылғы қыркүйек айында - 2,84 млрд.тонна).