Көлігіңізді ағаштың астына қоймаңыз

Көлігіңізді ағаштың астына қоймаңыз
nur.kz

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты алматылықтарға ескертпе жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті көлік иелеріне жеке машинасын арнайы автотұрақтарға қоюға кеңес береді.

Ведомство тұрғындарға көлікті ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілініп тұрған құрылымдардың астына қоймау керектігін ескертеді. "Қазгидрометтің" болжамы бойынша, қазан айының 5, 6, 7 күндері Алматыда қар аралас жаңбыр жауады.

Ауа температурасы 0, +4 градусқа дейін төмендеп, аздап көктайғақ болуы мүмкін.