Кәмелетке толмағандарға «Кальмар ойынын» көрсетпеу керек

Кәмелетке толмағандарға «Кальмар ойынын» көрсетпеу керек
Сурет: Massaget.kz

Оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» сериалында қатігездік пен жауыздық көрінісі көп.

Соңғы кезде әлеуметтік желіні шулатқан атышулы сериал туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмде белгілі бір шектеулер бар, ол 18 жастан асқан ересектерге арналған. Сондықтан, ең алдымен ата-аналар осы фактіге назар аударуы қажет. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Мектептерде де осы мәселеге назар аударған жөн. Әрине, балалар психикасы енді-енді қалыптасу кезеңінде. Сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте педагогтар бақылауы керек», - деп жауап берді вице-министр.

Оның айтуынша, биылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында жаһандық құзыреттілік курсы енгізіліп жатыр. Бұл курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытады, ақпаратты ажырата білуге үйретеді, оны дұрыс таңдайды. Шолпан Қаринова мектептер өздерінің тәрбиелік функциялары аясында сериалға қатысты шектеулерге назар аударуы керектігін айтты.