Күннің ыстығы 40 градусқа дейін көтеріледі

Күннің ыстығы 40 градусқа дейін көтеріледі
Сурет: Google.com

Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды


"Қазгидрометтің" мәліметіне сәйкес, Almaty-akshamy.kz Қазақстан Республикасы бойынша 2021 жылдың 15-17 маусымындағы ауа райы болжамын хабарлайды.


«Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте 30-35 градусқа дейін, елдің орталығында, шығысы мен оңтүстік-шығысында 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтілуде», делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.