Күн энергиясын пайдалану көлемі артады

Күн энергиясын пайдалану көлемі артады
Сурет: Greenbelarus.info

Болашақтың энергиясы.

2022 жылы жаңа күн электр станциясы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com cайтына сілтеме жасап.

Болашақта «Жасыл» экономикаға серпін берген тың бастама. Қарағанды облысы, Балқаш қаласына қарасты Қоңырат елді мекеніндегі күн электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Мамандардың айтуынша, бұл мекеннің климаты баламалы қуат көзін өндіруге өте қолайлы. Мұнда 7 бірдей мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Аумағы 179 гектарды алып жатқан алқапқа 94 мың күн панелі қойылған. Бұл панельдердің ерекшелігі екі жағы да күн сәулесін бірдей қабылдайтындығында. Станция сағатына 100 мегаватт электр энергиясын өндіре алады. Қоңырат елді мекенін электр қуатымен қамтитын энергия көзі 2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Жоба бойынша металл құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 80% аяқталды және 3 типті күштік кабельдер салынды. Олардың да 85% осы уақытта орнатылып тұр. Жұмыс қарқыны жаман емес. Жұмыс күші бар және қажетті текника да бар», деді энергетик Талғат Босалов.