Кіші қажылыққа рұқсат берілмек

Кіші қажылыққа рұқсат  берілмек
Сурет: Ummet.kz

Бүгіннен бастап умраға өтініш қабылданып жатыр.

Сауд Арабиясы кіші қажылық жасағысы келетін шетелдіктерге шекарасын ашпақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Басты талап – корольдік мойындаған коронавирусқа қарсы екпені салдырту. Бұл мемлекет жарамды деп таныған вакциналар тізімінде Модерна, Файзер-Байонтек, Астразенека және Джонсон әнд Джонсон препараттары бар.

Саудия билігі шетелдіктердің кіші қажылыққа келуіне 18 ай бұрын тыйым салған болатын. Пандемияға дейін мұнда жыл сайын қажылықтан 12 миллиард доллар қаржы түсетін.