Кімдер вакцина салдырмайды?

Кімдер вакцина салдырмайды?
Сурет: Kapital.kz

Бұдан бұрын Қазақстанның Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың  жаңа қаулысы шыққанын хабарлағанбыз.

Бас санитардың аталған қаулысына сәйкес, вакциналауға қарсы көрсетілімдердің тізбесі бекітілді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Құжат бойынша вакцина енгізуге қарсы көрсетілімдер мыналар: 


1) вакцинаның қандай да бір компонентіне (белсенді заттарға, қосымша заттарға) аллергия немесе осы вакцинаны алдыңғы енгізуге аллергиялық реакциялар; 


2) ауыр созылмалы аурулар немесе анамнездегі аса жоғары сезімталдық; 


3) жоғары температура немесе вакцинаны бұлшықет ішіне енгізген кезде пайда болуы мүмкін қан кету тәуекеліне байланысты аурудың жіті фазасы; 

4) жүктілік және емізу кезеңі; 


5) 18 жасқа дейінгілер.

Бас санитардың қаулысында «вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар» ұғымына анықтама берілген. 


«Вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр жайылған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, 40°С-тан жоғары температура)», - деп жазылған құжатта.