Зейнетақы қоры: шекті меже 1 сәуірге дейін көтерілмейді

Зейнетақы қоры: шекті меже 1 сәуірге дейін көтерілмейді Сурет: Akorda.kz

Бұл - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы.


Зейнетақы қорындағы шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты.



Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам.



Сонымен қатар Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09