Ыстамбұл мен Мехиконы басып озды: Алматы әлемнің тұрақты қалаларының рейтингіне енді

Ыстамбұл мен Мехиконы басып озды: Алматы әлемнің тұрақты қалаларының рейтингіне енді Сурет: Optimism.kz

Посткеңестік кеңістіктегі  елдер ішінде мегаполис алтыншы орында 


Алматы бүгінгі таңда әлемнің тұрақты қалаларының рейтингісі - Cities in Motion тізіміне енді. Қазіргі таңда Жер шарында тұрғындары саны миллионнан асып жығылатын 600 қала бар, солардың ішінде тек 174-і ғана "тұрақты" деп мойындалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.


Бұл туралы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген Telegram каналында жариялаған. 



"Қалалар 100 көрсеткіш бойынша бағаланған: дамуы, талант иелерін тарту және тәрбиелеу, әлеуметтік ауызбірлік, экономика, қоршаған орта, басқару; жоспарлау; технологиялар, мобильділік, көлік, қоғамдық қызметтерге қолжетімділік және т.б.


"Орталық Азияда осы рейтингте 128-орын алған жалғыз қала. Санаттары бойынша бағалау көрсеткіштері келесідей: экономика - 108-орын, адами капитал-124 - орын, қоршаған орта - 104 орын, басқару - 150-орын, қалалық жоспарлау - 75-орын, көлік - 119-орын. 


Біз Ыстамбұл, Киото, Мехико, Эль-Кувейттен алға шықтық!


Бұрынғы КСРО елдерінің астаналаары арасында біз 6-орындамыз.Рейтингте біздің алдымызда Таллин 55-орында, Рига - 85-орында, Мәскеу - 87-орында, Киев- 115-ші, Тбилиси - 118-орында (бұл зерттеуге Нұр-Сұлтан қаласы қатысқан жоқ).


Ең тұрақты қалалар ретінде Лондон, Нью-Йорк, Париж, Токио, Рейкьявик, Копенгаген, Берлин, Амстердам, Сингапур, Гонконг қалалары танылды", - деп жазды Қайрат Құдайберген.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43

12:19

12:10

12:06

11:59

11:45

11:14

10:55

10:33

10:25

22:19

19:36

19:25