Worldskills Almaty – 2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Worldskills Almaty – 2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды almaty-akshamy.kz

Алматыда кәсіби шеберлік чемпионаты басталды


Алматыда қала колледждерінің 21 алаңында WorldSkills Almaty – 2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды және 2023 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады. Іс-шара «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру аясында «WorldSkills International» құзыреті бойынша «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық қозғалысын қолдау және жұмыс кәсіптерін таныту мақсатында өткізіледі., - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Чемпионаттың мақсаты-жұмысшы мамандығының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Чемпионатқа 53 құзыреттілік бойынша 380-ден астам колледж студенттері қатысады. Олардың ішінде: графикалық дизайн, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, сантехника және жылыту, кескіндеме және сәндік жұмыстар, бизнеске арналған IT-шешімдер, CNC станоктарында токарлық жұмыстар, CAD инженерлік графикасы, прототиптеу, сонымен қатар тоңазытқыш және желдету техникасына қызмет көрсету, жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету және т. б.


Чемпионаттың бір ерекшелігі – DeafSkills және Абилимпикс бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау. DeafSkills  және Абилимпикс құзыреттері бойынша чемпионат аясында 6 құзырет бойынша 25-тен астам адам қатысады.



500-ден астам тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары мен жұмыс берушілер сарапшылар ретінде қатысады.


Өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың маусым айында өтетін WorldSkills Kazakhstan — 2023 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысады. Халықаралық чемпионат 2023 жылдың қыркүйегінде Польшада өтеді.


Ұйымдастырушылар: Алматы қаласының білім басқармасы және «WorldSkills Almaty» ұйымдастыру комитеті


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43

12:19

12:10