«Үздік ғылыми қызметкер - 2023 » байқауының жеңімпаздары анықталды

«Үздік ғылыми қызметкер - 2023 » байқауының жеңімпаздары анықталды Сурет: ашық дереккөз

2023 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының нәтижелері белгілі болды.


Ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың 50 ғалымы жеңімпаз атанып, 2000 АЕК көлемінде сыйақы және куәлік алады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV «Ғылым туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапынан ғалымдарды қолдаудың кезекті шарасы жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын тағайындау болды. Ол ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған.


Конкурсқа қатысуға өтінімдер осы конкурс үшін арнайы құрылған және автоматты түрде тоғыз өлшемшарт бойынша балдары бар ақпараттық жүйе арқылы қабылданды. Бұл байқаудың ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз етті. Ғылыми жетістіктерді бағалау критерийлері ғылыми және сараптамалық қауымдастықпен бірге жасалды. Байқаудың барлық қатысушысы өтінім беру кезеңінде өз балдарын көре алды. Оларды Республикалық конкурстық комиссия қарады және сараптамалық топтар ұсынылған құжаттардың бекітілген критерийлерге сәйкестігін секцияларда тексерді. Комиссия мен сарапшылар тобының құрамында жетекші ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері және Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері жұмыс істеді.


Конкурсқа қатысу үшін 7 бағыт бойынша барлығы 307 өтінім келіп түсті: «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау», «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» және «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік».


Сарапшылар ұсынылған материалдар мен құжаттардың таңдалған көрсеткіштеріне сәйкестігін растады немесе растамады.


Сонымен қатар, 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығымен бекітілген «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру Қағидаларына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган конкурс нәтижелерін қайта қарау үшін апелляциялық комиссия құрды.


Апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 62 өтініш келіп түсті. Барлық өтінімдерді апелляциялық комиссия мүшелері «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес алқалы түрде қарады.


Өтініштерді қарау нәтижелері сараланған тізім түрінде ресімделді және Республикалық конкурстық комиссияның қорытынды отырысына жіберілді.


Нәтижесінде Республикалық конкурстық комиссия отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан 50 ғалымға 2023 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37