Ұшақ бортында темекі шеккен мас әйелге айыппұл салынды

Ұшақ бортында темекі шеккен мас әйелге айыппұл салынды Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне FlyArystan әуекомпаниясының “Астана – Алматы” бағытындағы әуе рейсі ұшып келген жолаушы әйел акт бойынша тапсырылды.


Оқиға 27 қарашада болды. Көлік полицейлері тексеру барысында масаң күйде әуе кемесінің бортында темекі шеккен 28 жастағы Астана тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша әйел жеңіл дәрежедегі масаң күйде болған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырып, 55 айлық есептік көрсеткіш, яғни 168 465 тг көлемінде айыппұл салды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53