«Үркердің жерге түсуі»

«Үркердің жерге түсуі» vsegda-pomnim.com

Қазақы пайым


Шоқ жұлдыздың төмен түсуінің әсерінен маусым айында күн күрт ысиды


Мамырдың 15-інен бастап ауа райы тұрақсыз болды. Ертеңгілік күн көзі көрініп, түске дейін нұрын шашып тұрады да намаздыгер, намазшамның кезінде аспанға  қара  бұлттар үйіріліп, алдымен себелеп, соңынан төпелеп өте шығады. Күн күркірейді, найзағай жарқылдайды... Әрине, мұның сыры «Құралайдың салқыны» амалының әсері.


Данагөй қарияларымыз: «Үркер жерге түспей, күн жылымайды» деп болжам жасап, айтып кеткен. Сол  болжам келгелі тұр. Маусым айының басынан күн жылынады. Бұл Үркер шоқжұлдызының төмен түсуінің әсерінен орын алады. Кейде мұны «үркердің жерге түсуі» дейді. Маусым айының басында Үркер мүлде көрінбей кетеді. «Үркердің батуы» деп осыны айтады. Содан кейін 40 күн шілде басталады. «Үркер жерге түспей жер қызбайды» деген сөз осыдан қалған. Шілденің аптап ыстығынан кейін саршада туатын Үркер бір-екі күндік жүріп өткен жаңбырымен тынысты бір кеңітіп тастап отырған, мұны ел «Үркер толғағы» деп атайды. Ол амалдар туралы кезінде айтатын боламыз.


Қырық күн шілде. Маусым, шілде айында 40 күнге созылатын ыстық басталады. Осы аптапты күндерге орай халық арасында «қырық күн шілде» деп аталатын халықтық күнтізбелік атау пайда болған.


Үркер жұлдызы төңірегінде айтылатын аңыздар көп. Жалпы, түрік-моңғол халықтары Үркерді суықпен байланыстырады. Мысалы, сахада қыс бұқасы бар, оның демі – аяз, мүйізі – мұз. Қаңтардың аяғында аспан перзенті – алып бүркіт келіп шақырады. Соның даусынан қаһарлы бұқаның мүйізі шарт сынып, аяздың беті қайтады деген ұғым бар оларда. Мәселен, тувада «Үркер сооқ егесі», яғни «Үркер суық иесі» деген түсінік бар. Ал терістік суық өлкеде өмір сүретін сахалар Үркер ғана емес, Кішіқарақшы (Малая Медведица) мен Шолпан жұлдыздарын да, өте үлкен болғандықтан, жерге ызғар  шашады деп есептейді. Үркер жұлдызының түркі халықтарындағы атауы негізінен ортақ, ал моңғолдар мен алтайлықтар, кейде тувалар оны мичин (мешін) деп атаған.



Қазекең аспандағы ерекше көзге түсетін жұлдыз шоғырын үріккен малға ұқсату нәтижесінде «Үркер» деп атаған. Халқымызда «Үркер – жұлдыз ағасы», «Үркерлі айдың бәрі қыс» деген тәмсілдер бар. Мұның бәрін бекер айтпаған. Үркер аспанға көтерілген сайын күн суытып отырған. Маусым, шілде айларында көзден тасаланып, жерге түскенде ауа райы жылынып, көк қаулап шыққан. Қысы-жазы, күні-түні  малдың соңында жүретін малшы қауым «Егер Үркер жерде жатса, мәңгі жылы болар еді-ау» деп қиялдаған.



Бүгін ай есебі бойынша маусымның – 5-ші жаңасы. Григорианша, мамырдың 25-і. Қазақша, мамырдың – 15-і. Апта айдың басын, ортасын және соңын түгел қамтып тұр. Демек, салқын ауа ығысып, оның орнын ыстық ауа  басады деген сөз.


Саяжайлары бар қала тұрғындарына айтарымыз, мамырдың соңынан басталатын ыстықты пайдаланып, бақша дақылдарын егіп алғандары абзал. Күн шуағы түскен топырақ жылиды. Жылы топырақта дақыл тез өніп, бой көтереді.


 


БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Жазда


 *Күн кенет ысып кетсе, ұзамай жауын жауады.


*Құйын көп болса, қыс аязды болады.


*Найзағайлы болса, қыс жайлы болады.


*Аңызақ ыстық болса, ол – қыста болатын қатты аяздың белгісі.


*Жұлдыздар жарқырап тұрса, келер күн ыстық.


*Бұлт желге қарай көшетін болса, жаңбыр жауады.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48