Универсиаданың конькимен жүгіру жарысында Бақдәулет Сағатов бесінші орын алды

Универсиаданың конькимен жүгіру жарысында Бақдәулет Сағатов бесінші орын алды Сурет: Ашық дереккөз

Бұл қашықтықта итальяндық Риккардо Лорелло чемпион атанды


2023 жылғы Қысқы Универсиаданың 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіру сайысына екі қазақстандық спортшы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Аталған сайыста еліміздің атынан Бақдәулет Сағатов пен Андрей Зуев ел намысын қорғады.


Нәтижесінде Б.Сағатов 5-ші, А.Зуев 16-шы орын алды.


Бұл қашықтықта итальяндық Риккардо Лорелло чемпион атанса, одан кейінгі орындарды тағы бір итальяндық Даниэле Ди Стефано мен жапониялық Мотонага Арито өзара бөлісті.


Еске салсақ, Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде оныншы орында тұр.


Әзірге ел құрамасы қоржынында жалғыз алтын медаль бар.


14 қаңтарда қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49

10:46

09:37

09:33

09:29

09:20

09:00

08:45

08:34