Ұлттық ойындар ұлықталып, дәстүр дәріптелді

Ұлттық ойындар ұлықталып, дәстүр дәріптелді Сурет:  видеодан

«Наурызнама» жоспары аясында «Қазақтың ұлттық ойындары» күніне орай Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында жарыс өткізілді.


Жалпы спорттық шараға 400-ге жуық оқушы қатысты. Балалар бірнеше ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады. Соның ішінде, қазақша күрес, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, бес асық, бұқа тартыс, теңге алу ойындарынан бәйгеге түсті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Бұл спорт түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшелігі мен пайдасы бар. Бірі шыдамдылық, зеректік пен білімділікті шыңдаса, енді бірі күш-жігер, қайраттылық пен жылдамдыққа үйретеді. 
Спорттық іс-шараны Алатау ауданының әкімдігі, білім бөлімі және №152 мектеп-гимназиясының әкімшілігі ұйымдастырды. Шараға Алатау ауданы Мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің бас инспекторы Алмат Сайлыбаев қатысып, жұртшылықты жыл бастауы – әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.




– Наурызнаманың 10 күндік жоспарына сәйкес, Алатау ауданында «Қазақтың ұлттық ойындары» күніне орай бірнеше шаралар ұйымдастырылып отыр. Жалпы басты мақсатымыз – жастардың арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау. Жойылып бара жатқан ойындарды қайта жаңғыртып, кеңінен тарату болып отыр. Бүгінгі шараға 400 жуық бүлдіршініміз қатысты. Жеңімпаздар арнайы мадақтама қағаздармен, медальдармен марапатталды, – деді А.Сайлыбаев.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45